НАМАЗДА ОЙДЫҢ БҰЗЫЛУЫНАН ТОСАТЫН ЖЕТІ ТӘСІЛ
Пайғамбардың (с.ғ.с.) намазы туралы оқиғаларды жиі оқимыз. Аштықтан құрылдаған қарынның, ісіген аяқтың халіне қарамастан, жүрегі шаршамай, беріле оқыған намаздары – әрбір мұсылманға үлгі. Жасқа шыланған жайнамаз, тізесінен тырсылдап таматын көз жастары бір бөлек әңгіме.
Әз елші (с.ғ.с.) Алла алдында тұрудың рахатын, бақыты мен қуанышын, намаздың тәтті дәмін сезінген адам. Сондықтан да намаз уақыты келгенде «Ей, Біләл! Бізді рақаттандыр!» деп бұйыратын.
Ал, Әбу Бәкірдің (р.а.) «Өкінуші, қайғылы» деген есімін білеміз. Ол Құранды естігенде, оқығанда жылайтын, намазда, имамдыққа шыққанда жылайтын. Омардың (р.а.) бір жас баланың Қиямет күні туралы оқып отырған аяттарын естігенде талып түскенін білеміз бе? Осыдан кейін бір ай бойы төсек тартып жатып қалады. Оның намазда тұрып жылаған дауысы ең артқы сапта тұрған сахабалардың құлағына жететін болған екен. Баласын жылан шақпақ болғанын байқамаған, үйдің ішінде өрт болғанын білмеген, рукуғта тұрғанда арқасына құстар қонатын ізгі жандардың оқиғалары жүректі тербейді. Ал, өзіміздің намазымызды олардың намазымен қаншалықты салыстыра аламыз?
http://muslim.kz/kk/article/2095-namazda-oidyn-buzyluynan-tosatyn-jeti-tasil.html