БАЙ БОЛМАЙ ТҰРЫП БАЙЫҒАН АДАМ немесе ДАВЛАТОВ САИДМУРОДТЫҢ «МЕН ЖӘНЕ АҚША: БАЙ АДАМ СИЯҚТЫ ОЙЛАУ» КІТАБЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮЙІНДЕРІ (САММАРИ)
Жоғалтып алмау үшін бөлісіп, жақындарыңызға таратыңыз!
Егер сіз, өзіңіз армандағандай өмірге лайықтымын деп есептесеңіз, сізге ақшаны басқаруды үйрену қажет. Себебі, ақша сіздің қандай деңгейде
Екендігіңізді анықтайды.
Бай адам дегеніміз – ақшаны өзіне жұмыс істете білген адам. Ол ақша үшін емес, ақша сол адамға жұмыс істейді.
Өз мүмкіндіктеріңізді әрқашан ақшадан жоғары қойыңыз, сонда ақша сізге өзі келіп қызмет ететін болады. Егер адам өз мүмкіндіктерін ақшадан төмен қойса, ақша сіздің не жеп, не киіп, демалысқа қайда баратыныңызды, жақындарыңызға не сыйлайтыңызды анықтайтын болады. Өз өміріңіздің сапасын өзіңіз айқындау үшін мүмкіндіктеріңізді ақшадан жоғары қойыңыз.
Ақша – өмірдегі ең маңызды зат емес, алайда, ол жетіспесе маңызды затқа айналады.
Барлық қиындықтар мен кедергілер арқылы соңғы нәтижені көре білетін, соны-
мен қатар, өзінің бастапқы арманын есінен шығармайтын адамдар жетістікке жетеді.
Егер сіз, өзіңіз армандағандай өмірге лайықтымын деп есептесеңіз, сізге ақшаны басқаруды үйрену қажет. Себебі, ақша сіздің қандай деңгейде екендігіңізді анықтайды.
Жақсы ұстаз, өз еркіңізбен өзіңіз ешқашан жасамайтын заттарды жасатады, бұл сіздің қабілеттеріңізді ашуға көмектеседі.
3-5 жыл ақшаңызды басқарып, шығынды шектеп өмір сүріп, ал қалған өміріңіздің барлығын өз қалауыңызша сүрген артық.
Сіздің өмірде қол жеткізгеніңіздің барлығы, табанды түрде кедергілерден өтудің нәтижесі.
Егер бай адам болғыңыз келсе, ешқашан үрдіс үстіндегі адам болмаңыз, әрқашан нәтиже шығаратын адам болыңыз.
5 дұрыс сұрақ:
Егер сіз ойда жоқта жұмысыңыздан айырылсаңыз (кіріс көзінен), бар ақшаңызбен қанша өмір сүре аласыз?
Сіз жеткілікті деңгейде ақша жинайсыз ба?
Сізде қаржылық жоспар бар ма?
Өзіңізді салған салымыңыздың пайызына өмір сүріп жүрген уақытта елестете
аласыз ба?
Сіз өз еңбегіңізге лайық ақша аламын деп есептейсіз бе?
Өзіңізді басыңыздан бастап өзгертіңіз. Қуатқа негізделіп қайырымды болуға
тырысыңыз. Кейін көп затқа қол жеткізгенде, ол тек жақсылық арқылы көрінуі тиіс.
Біз «көзілдірік» деп аталатын деңгейге жеткенде әлемге деген өзіндік көзқарасымыз болады, көп заттарға басқаша көзбен қараймыз, екінші санаттағы заттар ішінен маңыздысын көре аламыз.
Әрқашан ақталуға сылтау табылады, алайда, сізге әрдайым ақталып жүретін жағдайда болған ұнайды ма? Ешқандай ақталу нәтижеге жеткізбейді. Барлығын өзгертіп, мақсатыңа жетіп, армандарыңды жүзеге асырған жақсы емес пе. Кейде шешім, біз ойламаған жерден шығады.
Біз өз күйеуіміздің барлық кемшіліктерінен, оның артықшылығын көру үшін дұрыс өмір сүруіміз керек. Бізге әйеліміздің барлық кемшіліктерінен оны жебеуші әйел бейнесін көру үшін «дұрыс көзілдірік» қажет. Бізге барлық
кедергілер негізінде өз армандарымыз бен мақсатымызды көру үшін «дұрыс көзілдірік» қажет. Кейде мағынаны жағымсыз заттардан көруге болады. Бастысы, бағыттан жаңылмау. Іскер адамдардың ерекше қасиеті болады. Бұл өзіңді қажет деңгейде көре білу, өзіңді дәулетті, жеңімпаз ретінде сезіну. Осыны міндетті түрде үйрену қажет.
Мен өзім үшін адамдардың екі категориясы бар
екендігін түсіндім:
1. Біреулері қолымен жұмыс істеп, басымен ақша есептейді – мынанша ақшаны әйеліме берем, мынаншасы пәтерге кетеді, мынаншасы қарызға т.б.
2. Басқалары басымен ақша тауып, қолымен есептейді.
Құдай ешқашан адамды жалғыз қалдырмайды.
Мынадай нақыл бар:
Шешім қабылдай алмау, сәтсіздіктен де жаман. Ештеңе істемегеннен жасап көріп, қателескен жақсы. Қателіктер бізге тәжірибе мен білім береді, ал батылсыздық қорқыныш пен күмән қалдырады. Бұл ережені шынымен түсіну, адамға өзіне-өзі
сенетін күш береді, жетістікке жол көрсетеді.
Тәуелсіз адам деп кімді атуға болатынын білсіз бе? Өзіне, досына, әйеліне, балаларына айтып, уәде берген затының барлығын орындай алатын адам.
Байлықтың нышаны сіз жүрген барлық жерде болуы тиіс, сіздің ұйқтайтын бөлмеңізде, жұмыс істейтін жеріңізде, барлық жерде сізбен бірге болуы керек. Сіз қиын жағдайда болғанда, шаршағанда, торыққанда байлықтың нышанына қараңыз. Сол кезде, ол сізді энергия мен күшке бөлейтінін байқайсыз. Және бұл сезімді түсіндіру мүмкін емес.
Адамдардың көпшілігі бір нәрсені армандап, басқа зат істейді. Және уақыт өте келе қайтадан бастаған жеріне келеді. Егер сенің қазіргі істеп жүргенің сені байлыққа алып келмесе, демек таңдауды өзің жасадың. Сонда міне, кедейлік – тағдыр болады.
Бодо Шеффер: «Ақша пайда болмай тұрып, оны басқаруды үйрену керек, сонда ақша тапқанда оңай болады», – деген болатын.
Махатма Ганди былай деген: «Сенің алып отырғаның, саған тіршілік етуге көмектеседі, ал бергенің өмір сүруге көмектеседі».
Адамдар дұрыс мақсат қабылдап, бірақ қарама-қарсы жолмен жүргендіктен адамдар жиі кедей болады.
Егер сіз қорықпай өзіңізді бай адам ретінде сезінсеңіз, онда сізге ауқаттылық пен жетістікке толы жаңа өмір басталады.
Егер сіз ақшаға байсалды әрі сенімді қарай алмасаңыз – аз ақша ма көп пе маңызды емес, демек ешқашан бай бола алмайсыз. Егер сіз тіпті аз ақшадан қорықсаңыз, сізде ешқашан көп ақша болмайды. Сондықтан тәжірибе жинаңыз.
Өз мүмкіндігіңізді, мамандығыңызды ақшадан жоғары қойыңыз. Сол кезде ғана жетістікті тәуелсіз адам боласыз.
Сізге алтын жұмыртқа туатын өз тауығыңызды жасау керек. Алтын жұмыртқа
дегеніміз – салған салымыңз негізінде алып отыратын пайызыңыз немесе кірісіңіз.
Өз отбасыңыздың қаржылық қорғанысын ұйымдастыру үшін бір жыл ішінде жақсы өмір сүре алатындай соманы жинақтау қажет. Мысалы, 500 доллар. Оны он екіге көбейту арқылы алты мың доллар аласыз. Осы соманы жинақтамайынша, көңіл көтеру және керексіз шығындар туралы ұмытыңыз. Сіз ең қажетті деген заттарды ғана ала аласыз.
Қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сізге біртіндеп 75000 доллар жинау керек. Егер сіз осы соманы кез келген банкке 8% жылдық мөлшерлемемен салсаңыз, жыл сайын 6000 доллар алып отырасыз. Оны 12 ге бөліңіз, айына 500 доллардан шығады.
Қаржылық еркіндік үшін 1,5 миллион доллар жинау керек. Бұл соманы банкке 8% жылдық мөлшерлемемен салу арқылы жылына 120000 доллар кіріс табасыз. Оны 12 айға бөліңіз, ай сайын 10000 доллар пайда шығады, бұл сізге
болашағыңыз үшін қорықпауға мүмкіндік береді. Сіз ақша үшін емес, ақша сізге жұмыс істейтін болады.
Құдай шығармашылық, мақсатты, жетістікті адамдарды жақсы көреді. Солар үшін ол ерекше жағдайлар жасайды. Және де солғын, бастамасы жоқ, өзіне сенбейтін әрқашан жылап отыратын адамдарды жақсы көрмейді.
Ешқашан да өз уақытыңызды керек емес заттарға жұмсамаңыз. Себебі, сіздің өміріңіздің маңызды сәтінде арманыңыздың орындалар кезінде сізге бірнеше сағат уақыт (тіпті минут) жетпей қалуы мүмкін.
Бір ғана кіріс көзіңіз болса, сіз ешқашан бай болмайсыз. Сондықтан тек бір жалақыға ғана үміт артып отыра бермеңіз. Ақша бұлақтар құрыңыз, олар бір қаржы ағынына бірігіп, сізді табысты, әрі бай етеді.
Инвестиция үшін төрт бағыт: банк шоты, акциялар мен қорлар, жылжымайтын мүлік, компания. Бұл бағыттардың тек біреуіне ғана салуға болмайды, себебі барлық уақытта белгілі тәуекел болады. Тек төрт бағытқа да салынған инвестиция сізге қаржылық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Ешқашан өз уақытыңызды қажет емес істерге жұмсамаңыз. Себебі ең қажет сәтте сіздің арманыңыздың орындалуы үшін бірнеше сағат (мүмкін минут) жетпей қалуы мүмкін.
Үлкен мақсатыңызды кішкентай бөліктерге бөлсеңіз, өзіңізге оңай болады, оған жетуге және біртіндеп басты мақсатыңызға жақындасаңыз жеңіл болады.
Қолжетімді бастапқы мақсаттан бастасаңыз да сіз үшін жақсы, сол жолды оңай
өткересіз, үлкен арманыңызға жетесіз.
Біздің өзімізді басқар а білуіміз, ойлануымыз, ойлаған ісімізді орындауға мәжбүрлеуіміз, жағымсыз сезімдерімізді тежейміз, осының барлығы біздің жоспарларымыздың шынайылығын анықтайды.
Адам инвестиция салғанда жоғалтып алу мүмкін екендігі барлығына белгілі. Қаржылық еркін адам болу үшін қауіпсіздікке емес, еркіндікке ұмтылыңыз. Жеңіліп қалу үшін емес, жеңу үшін ойнаңыз.
Әлемде мұқтаж жандар өте көп. Бай адамдардың ең жақсы жағы – басқа адамдарға көмектесу ниеті. Басқа адамдардың көмегінсіз өмір сүремін деген адам қателеседі. Ал, басқалары оның көмегінсіз өмір сүре алады деп
есептейтін адам екі есе қателеседі.
Ақша өз дарынын қолдана білетін адамға қызмет етеді. Жай ғана тіршілік ету үшін өз дарыныңызды сарп етпеңіз. Өз дарыныңызды жүзеге асыру арқылы сіз өз арманыңызды жүзеге асырасыз және қаржылық жағынан тәуелсіз адам боласыз. Тағдырдың сізге берген кішкентай мүмкіндігін де қолдана біліңіз. Сонда ғана бақытты боласыз.
Егер үш жыл ішінде сенің жұмысың өзің қалаған өмірді сүруге мүмкіндік бермесе, ол жұмысты таста. Егер ол сені рухани немесе материалды түрде жаңа деңгейге көтермесе, өзің мақтана алатындай белгілі нәтижелерге қол жеткізе алмасаң, ол жұмыстан кет.
Ақша бақыттың катализаторы болып табылады, ол сіздің мақсатыңыз бола ал-
майды. Ол қуаныш, сенімділік, басқаларға көмек беруге құлшыныс алып келе алады, сіздің қабілеттеріңізді қолдануға және балаларыңыздың дарынын ашуға жағдай жасайды.
Сіз адамға бірінші рет келгенде, ол сіздің идеяңызды қабылдауға дайн болмайды. Сіз оған екінші рет барғанда сексен пайызға бас тартатыны белгілі болады. Үшінші рет жағымсыз жауап алу пайызы жетпіске түседі. Тек тоғызыншы ретте ғана пайыз 95 ке төмендеп, сіздің табысыңыз нақты болады.
Ақылдылар бірдеңе істегісі келетінін, данышпандар, бірдеңе істегендерін ал ақылсыздар екеуін де әңгіме қылады. Әрқашан да екеуіңіз бірге жүріңіз. Екеуіңіз
бірге болсаңыз, сіздер әрқашан күштірексіздер.
Егер біреу сіздің идеяңызға сенбейтін болса, сіздің қабілетіңізге күмәнданса, және сәне сіздің арманыңыздың шынайы екендігіне күмәнданса, онда ол адамның үйінен үйінен шыққанда ктіміңізді, аяқ киіміңізді қағып тастап, мақсатыңа қарайжолыңызды тоқтатпай, табысыңызға сеніңіз.
Кез келген кедергі өз арманыңыздан бас тартуға немесе одан қатты өз мақсатыңызға жетуге көмектесуі мүмкін. Ол сізге байланысты, сіздің мінезіңізге, арманыңызға деген сеніміңізге байланысты.
Парасатты әрі күшті адамдар сәтсіздіктердің өзінен позитивті энергия көзін шығаруға тырысады, қиындықтар оларға батылдық пен ерік береді, олар алға жылжиды.
Егер сізді алдаса, тоқтамаңыз. Кейбір адамдар, бөтен адамның өтірігі үшін өз армандарынан бас тартады, өздері лайықты өз махаббаттарынан, отбасылық бақыттарынан, және байлықтан бас тартады. Біреудің қара ниеті сіздің уайымыңыздың себебі болмауы тиіс. Тоқтаудың қажеті жоқ, бұл жай ғана сіздің өтуіңіз тиіс тағы бір кедергі. Кедейлік бай боламын деген талпыныстан тұрады. Байлық махаббат пен романтикадан тұрады. Алға ғана жүріп, артыңызға
қарамаңыз.
Ақша, өзіндік мақсатқа айналып кетпей, қаржылық тәуелсіздіктің көзі болып,
сіздің дарыныңызды жүзеге асырып, ашуға көмектескен кезде шабыттандырады.
Өзіңізге деген сенімділік, өз қабілеттеріңізді жүзеге асыруға көмектесетін қасиет. Егер бірдеңе жасағыңыз келсе, күмәнданбаңыз. Сенімді түрде жасаңыз, себебі өмір күштілер мен сенімділерді жақсы көреді.
Сондықтан ешқашан түлкі болмаңыз, өз мәселеңізді шешу үшін біреуді мақтамаңыз. Ол сізге көмектескен, көмектеспегеніне қарамастан шын жүректен шындықты айтыңыз
Өзіңізді арыстандармен қоршаңыз. Бұл дегеніміз, өзіңізді күшті, мақсатына берік, табысты адамдармен қоршау. Себебі олар өздерінің табысымен, өздерінің үлгісімен сіздерге жағымды жақтарын береді.
Әрбір 72 сағат сайын өз жоспарларыңызды, идеяларыңызды есіңізге алып, ойлағаныңызды жүзеге асыра бастаңыз, ең құрығанды алғашқы қадамын бастаңыз. Бұл қағида сізбен өмір бойы бірге болуы тиіс, сонда сіздің армандарыңыз орындала бастайды.
Мықты болып сәтсіздікті өзіңізден іздеуге тырысыңыз. Өз қателіктеріңізді түзеңіз, өз жақсы жақтарыңызды қолданыңыз, ескі қателіктеріңізді қайталамаңыз, және өз даму деңгейіңізді жоғарылатыңыз. Конфуций былай
деген: «Егер өзіңіздің табалдырығыңыз таза ланбаса, көршінің үйінің төбесінде қар жатыр деп наразылы етпеңіз».
Өзіңіздің кедейшлігіңізге ешқашан ақтау іздемеңіз, әйтпесе өмір бойы кедей болып қаласыз. Өзіңіздің сәтсіздіктеріңізге ақталу іздемеңіз, себебі, өмір бойы сондай болып қаласыз. Жанұялық ұрыс керіске ақталатын заттар іздемеңіз, әйтпесе жанұялық бақытты сезінбейсіз. Ақталу жолдарын іздемей, нәтижеге
қол жеткізіңіз.
Сіздің әлсіз тұстарыңыз – міне нағыз сәтсіздіктердің себебі. Өзіңізбен жұмыс істеңіз, себеі, барлық жеңістер мен жеңілістердің негізі сізсіз. Данышпандар былай деген: «Барлық жеңістер өзіңізді жеңуден басталады».
Егер сіз өз күш-жігеріңізді, энергияңызды, сезімдеріңізді рухани дүниеге жұмсасаңыз, олар өзіңізге еселеп қайтарылады.
Сіздің физикалық жағдайыңыз сіздің интеллектуалды деңгейіңізді және сіздің ойлау қабілетініңіздің жылдамдығын анықтайды.
Сіздің ақылыңыз – табысқа жететініңізді немесе жетпейтіндігіңізді шешетін еңбектің басты қаруы.
Уақытты дұрыс пайдалана білуді үйреніңіз. Өз уақытыңызды шебер басқара білу және пайдалана білу – табысқа жеткізер кілт және жоғары мақсаттарға қол жеткізуге апаратын жол. Уақыт – қайтарылмас жалғыз құнды категория.
Өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізді пайдаланыңыз. Қателіктер оларды екі рет қайталау үшін қымбатқа түсері анық. Сондықтан қателіктерден сабақ алыңыз. Оларды түзету мүмкіндіктерін ойлап, олардың салдарын жойыңыз. Теріс нәтиже беретін өз кемшіліктеріңізді жою үшін, оларды анықтаңыз.
Басқа адамдардың өмірі мен тәжірибесін зерттеңіз. Сізге тек өз қателіктеріңізден сабақ алу міндетті емес, себебі ақылдылар басқалардың қателіктерінен сабақ алады.
Біздің барлық ойларымыз бен идеяларымыз – оқыған кітаптарымыздың нәтижесі
Басқа адамдардың ақылдылығын және ақымақтығын зерделеңіз. ақылдылық қалай жасау керектігіне кеңес береді. Ал ақымақтық қалай жасамау қажеттігін көрсетеді.
Назар аударғыш және байқампаз болыңыз. Өмірде жеңімпаз болғандарға мән беріп, өмірде ұтылғандарды да байқап жүріңіз.
Ешқашан өзіңіз үшін ақша мен уақытты аямаңыз. Өзіңізді қаншалықты жоғары бағаласаңыз, соншалықты жоғары нәтижеге жетесіз.
Күш-жігерсіз ешнәрсеге жете алмайсыз және ешнәрсеге қол жеткізе алмайтыныңызды естен шығармаңыз. Жеңіл жеңістер мен жылдам нәтижелерге үміттену мәнсіз болып табылады. Қазіргі шақтағы сіздің күш-жігеріңіз болашақтағы сіздің жағдайыңызды анықтайды.
Бөлісіп, сақтап алыңыз! Пікір қалдырыңыз 👇👇👇
#Saltanatminaikhan #Q4BusinessSchool #Saltanatkitap