Сөзсіз хақ! БАЙҚАЙСЫЗ БА, ҚҰРАНМЕН БАЙЛАНЫСҚАН БАРЛЫҚ НӘРСЕ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ!
⠀
☘️ Құран Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірейіл (а.с) періште арқылы түсіп еді, Жәбірейіл (а.с) періштелердің ең үлкеніне айналды!
⠀
🌍 Құран Мұхаммед пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түсіп еді, ол Қиямет күні өз үмметіне шапағат ету құқығы берілген ең соңғы пайғамбарға, барлық пайғамбарлардың мырзасына айналды!
⠀
💫 Құран Мұхаммед (ﷺ) үмметіне түсіп еді, бұл үммет - адамдардың ішіндегі ең абзал үммет атанды!
⠀
🌙 Құран Рамазан айында түсіп еді, ол ай "айлардың сұлтаны", "қасиетті ай" деп аталды!
⠀
🌅 Құран Қадір түні түсіп еді, ол түн мың айдан да қайырлы, тілектер қабыл болатын ең керемет уақытқа айналды!
⠀
👉 Демек, Алланың сөзімен, Құранмен байланысқан барлық нәрсе қадірлі, құрметті болады екен!
Онда сіз де Құранды, оның қазақша аудармасын ашып, қарап, оқып көріңіз!
⠀
Егер Құран адамның жүрегіне кірсе, онда ол адамның сенімі берік, мақсаты айқын, ісі мен сөзі тұрақты бола бастайды. Өміріне береке кіреді!
⠀
Құран оқылған, Құранмен амал еткен әрбір күн, әрбір түн, әр сағат – қадірлі!
Сондықтан сіздің ең жақсы күніңіз – уақытыңызды Құран оқумен өткізген күніңіз екенін ұмытпаңыз, дос!✊
__________________
#асыларна #asylarna #Құран #құрмет #Алланың_сөзі #береке #бақыттың_кілті