# Алланың_сөзі

читать 2 мин.
0 27

Сөзсіз хақ! БАЙҚАЙСЫЗ БА, ҚҰРАНМЕН БАЙЛАНЫСҚАН БАРЛЫҚ НӘРСЕ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ! Құран Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірейіл (а.с) періште арқылы түсіп еді, Жәбірейіл (а.с) періштелердің ең үлкеніне айналды! Құран Мұхаммед пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түсіп еді, ол Қиямет күні өз үмметіне шапағат ету құқығы берілген ең соңғы пайғамбарға, барлық пайғамбарлардың мырзасына айналды! Құран Мұхаммед (ﷺ) үмметіне түсіп еді, бұл үммет - адамдардың ішіндегі ең абзал үммет атанды! Құран Рамазан айында түсіп еді, ол ай 'айлардың сұлтаны', 'қасиетті ай' деп аталды! Құран Қадір түні түсіп еді, ол түн мың айдан да қайырлы, тілектер қабыл болатын ең керемет уақытқа айналды! Демек, Алланың сөзімен, Құранмен байланысқан барлық нәрсе қадірлі, құрметті болады екен! Онда сіз де Құранды, оның қазақша аудармасын ашып, қарап, оқып көріңіз!

Перепост
Прочитать полностью